-A A +A

Мемлекеттік қызметтер саласындағы есептер

Кіші АТС техникалық қызмет көрсетуді сатып алу бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы № 2 хаттама

 Алматы қ.                                                      «27» наурыз 2015 ж.

 

1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Алматы қаласы Әділет департаменті, Алматы қаласы, Зенков көшесі, 47-үй, «Кіші  АТС техникалық қызмет көрсетуді сатып алу» бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

 

2. Сатып алуға бөлінген сома:  300 000,00 (үш жүз мың) теңге 00 тиын, ҚҚС сомасын қоспағанда.

3. Осы тәсілді қолдануға негіздеме: «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңның 32-бабының 4-тармағына сәйкес,  2015 жылғы 18 наурыз №166-о бұйрығына сәйкес.

4. Шарт жасалатын өнім берушінің атауы және орналасқан жері және осы шарттың бағасы:

 

«Travel Trans Pegas» ЖШС

 

 Алматы қ., Гагарин көшесі, 208А үй, 29 п., келісімді баға – 300 000,00 (үш жүз мың) теңге 00 тиын, ҚҚС сомасын қоспағанда.  Өнім беруші ҚҚС төлеуші емес.

 

5. Сарапшыларды тарту, олар ұсынған қорытындылар туралы ақпарат: сарапшылар тартылған жоқ.

 

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

 

«Кіші  АТС техникалық қызмет көрсетуді сатып алу» сатып алынсын:

 

  1. «Travel Trans Pegas» ЖШС, Алматы қ., Гагарин көшесі, 208А үй, 29 п.,

 

  1. Тапсырыс берушіге: Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Алматы қаласы Әділет департаменті  мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт 2015 жылдың 31 наурыз айына дейін жасалсын:

    - «Travel Trans Pegas» ЖШС, Алматы қ., Гагарин көшесі, 208А үй, 29 п.

                                                                                                 

3) Мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысына: Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Алматы қаласы Әділет департаменті осы хаттаманың мәтіні интернет- ресурсына жіберілсін.