-A A +A

Адвокаттардың процессуалдық уәкілеттілігін кеңейтетін заң жобалары талқыланды

 

04.11.2017 ж. Алматы қаласы Әділет департаментінде Алматы қаласының адвокаттары мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының аясында,адвокаттардың қызметін реттейтін және процессуалдық уәкілеттілігін кеңейтетін заң жобаларын талқылау бойынша «Дөңгелек үстел» өткізілді

Адвокаттар тарапынан, тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында қорғаушылардың ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануды,істің қозғалуынан бастап жиналған айғақтармен қорғаушыны таныстыруды заң жүзінде бекіту туралы және коммерциялық құпия мен заң мен қорғалатын құпия мәліметтерге қатысты кей бір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынастар келіп түсті.

Адвокаттық қауымның пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне сәйкесінше ұсыныс жолданатын болады.

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі