-A A +A

Алмалы аудандық ХҚКО – ның қызметкерлеріне семинар – кеңес өткізілді

10.10.2017ж. Алматы қаласы Алмалы аудандық Әділет басқармасының бас маманы А.Алтыбаева «Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» халықаралық рейтингінде Қазақстанның көрсеткішін жетілдіру мақсатында заңнамалық реформалар туралы ақпараттық жұмыс жүргізу және осыған орай ХҚКО қызметкерлерінің құжат қабылдау рейтингісін жоғарлату «Заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу жолдары» тақырыбы бойынша Алматы қаласы Алмалы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне  семинар – кеңес өткізді.

Семинар барысында, онлайн түрде тіркеу процесі, тіркеу және қайта тіркеу барысындағы тиісті құжаттарды қабылдау мерзімі мен тәртібі туралы сұрақтар талқыланды.

Алматы қаласы Әділет Департаментінің баспасөз қызметі