-A A +A

Алматы қаласы Әділет департаменті қарамағындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңестің отырысы өткізілді

12.07.2017 ж. Алматы қаласы Әділет департаментінде А.П.Беляновтың төрағалық етуімен Алматы қаласы Әділет департаменті қарамағындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңесінің отырысы өткізілді.

Отырыс барысында, сот актілерін орындау бойынша   атқару өндірісін қамтамасыз ету басқарма басшысының м.а. С.С.Кочкинбаеваның       және 2017 жылдың I жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметін  ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімнің басшысы Н.К. Ташеновтын есептері тыңдалды, сонымен қатар басқа да сұрақтар талқыланды. Осы іс-шара Алматы телеарнасында корсетілді. 

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі