-A A +A

Алматы қаласы Әділет департаменті мен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының өзара ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды

     Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаhандық бәсекеге қабілеттік рейтингінде позицияларды жақсарту бойынша, сонымен қатар өзара ынтымақтастықты жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың 28 наурызында Алматы Әділет департаменті мен Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы арасындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өзара ынтамақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

      Меморандумның мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің одан әрі дамуы үшін институционалдық негізді қалыптастыру бойынша бірлескен және келісілген әрекеттер жасай отырып, Қазақстан Республикасының дамыған отыз елдің қатарына енуін қамтамасыз ету, Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне көмек көрсету, кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қолданыстағы заңнаманы талқылауда қатысу, Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілігінің Жаһандық индексінің рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсартуға бағытталған, заңнама проектілерін ақпараттандыруда құқықтық түсіндіру сипаттағы іс шаралар өткізу болып табылады.

      Шараға Алматы қаласы Әділет департаменті бөлімдерінің басшылары, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, БАҚ өкілдері, («Алматы» телеканалы, «Заң газеті», «Юридическая газета» газеттері, «Zakon.kz», Информбюро ақпараттық порталдары) қатысты.

        Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен қойылған сұрақтарға тиісінше жауаптар берілді.

 

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі