-A A +A

Алматы қаласы Әділет департаментімен Алматы қаласы ІІД өкілдерінің, Алматы қаласы адвокаттарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

16.11.2017 жылы Алматы қаласы Әділет департаментімен Алматы қаласы ІІД өкілдерінің, Алматы қаласы адвокаттарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел адвокаттардың қылмыстық іске қатысты жинаған дәлелдерін реттейтін ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 122 бабы 3 тармағында қарастырылған өзгертулерді жүзеге асыру үшін тиісті үлгілер мен нұсқаулықтарды әзірлеудің қажеттігі туралы сұрақтар бойынша өткізілді. 

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен адвокаттық сұратуларға ақпараттар берудің реті мен мерзімі туралы, адвокаттардың ұсынған дәлелдерін бекіту реті мен формасы және осы баптың жүзеге асырылуы бойынша басқа да сұрақтар талқыланды. 

Адвокаттармен тұлғаларға сауалнама жүргізудің және адвокаттық сұратулардың  типтік бланкілерін жасап, тұлғаларға сауалнама жүргізу бойынша Әдістемелік ұсыныстарды әзірлеудің қажет екендігі туралы ұсыныстар айтылды.

Адвокаттар қауымдастығының пікірлерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсыныстар енгізіледі.   

 

Алматы қаласы Әділет департементінің баспасөз қызметі