-A A +A

Алматы қаласы Түрксіб аудандық Әділет басқармасы «Қазақстан заңгерлік Одағы» РҚБ АҚФ және «Нұр отан» партиясы -мен бірлескен қоғамдық қабылдау күні өткізілді.

 

         13.07.2017 жылы  Түрксіб аудандық "Нұр Отан" партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Әділет басқармасының басшысы Ж.Е.Бексұлтан,  «Қазақстан заңгерлік Одағы» РҚБ АҚФ және Түрксіб аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Е.Әжібаев-пен бірлескен азаматтарды қабылдау  күні өткізілді.

 

         Қабылдауға жалпы саны 4 адам жазылып, « Қазақстан Республикасының  Дүниежүзілік экономикалық форумның  Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекс көрсеткішінің маңыздылығы туралы» және «Әділет органдары қызметінің негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша» аудан халқы арасында кешенді құқықтық тегін кеңестер беріліп азаматтардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі.