-A A +A

Алматы қаласы Түрксіб аудандық Әділет басқармасымен семинар сабақ өткізілді

07.11.2017 жылы Алматы қаласы Түрксіб аудандық әділет басқармасының бас маманы Г.Несіпбекқызы Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткішін жақсарту мақсатында заңнамалық реформалар туралы ақпараттық жұмыс жүргізу бойынша  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация" КЕАҚ филиалының Алматы қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Түрксіб аудандық бөлімінің қызметкерлері арасында семинар өткізді.

          Семинар барысында, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткішін жақсарту мақсатында заңнамалық реформалар туралы ақпараттық жұмыс жүргізу бойынша,  заңды тұлғаларды тіркеу кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация" КЕАҚ филиалының Алматы қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Түрксіб аудандық бөлімінен келіп түсетін  құжаттарды  қарастыруда тіркеуден бас  тартулар санын азайту, болдырмау және алдын алу мақсаты туралы талқыланды.

 

Алматы қаласы Әділет Департаментінің баспасөз қызметі