-A A +A

Алматы қаласында «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті

А.ж. 1 қарашасында Каспий университетінде «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік  акциясы өтті. Акцияға Алматы қаласы Әділет департаментінің білікті мамандары Бабак Елена, Бейсенбеков Дауренбек, Жумаканулы Естай, Турсынгаджинов Қуат қатысты.

Акцияның ұйымдастырушылары «Параграф» АЖ, zakon.kz жүйелік басылымы, Каспий Университеті, Алматы қаласы Әділет департементі, прокуратурасы және ІІД, сондай-ақ білікті адвокаттар мен заңгерлер болды.

Келушілерді әр-түрлі сұрақтар қызықтырды. Атап айтсақ: жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, мұрагерлікке құқық куәлігін алу, кондоминиум нысанын тіркеу, алименттерді өндіріп алу реті және басқа да сұрақтар. Аталған акция аясында азаматтар өздерін мазалаған көптеген сұрақтарға жауап алып, мәлелерінің шешілу жолын біліп қайтты.

Кеңес алған азаматтар «Халық заңгері» акциясының жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын, өткізу үлгісінің қолайлылығын және мол тәжірибелік көмек алғандарын атап өтті.

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі