-A A +A

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің көшпелі семинары өтті.

17.10.2016 ж. Алматы қаласы Әділет департаменті ғимаратында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірлеуші болатын заң жобаларын таныстыру бойынша рәсімі өткізілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты азаматтар мен бизнес өкілдерінің мүдделерін қорғайтын заң жобаларын түсіндіру  болып табылады.

Жиынның модераторы ҚР Әділет министрлігінің Заңнамалар департаментінің директоры Ерлан Бұзырбаев болды

Іс-шараға Әділет министрлігінің, Алматы қалалық сотының, адвокаттар алқасының, нотариат, «Атамекен» ҰКП, бағалаушылар, жеке сот орындаушылар палаталарының, орта және ірі бизнестің жауапты қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңы талқыланды. Онда азаматтар мен ұйымдарға әкімшілік шешімнің қабылдану барысына қатысуы кезінде уәкілдік берілген. Яғни ол үшін істің материалдарымен танысуға мүмкіндік жасалып, олардың пікірі міндетті түрде ескеріледі.

Ұсынылған заң жобасында жоғарыда тұрған органға немесе өзге де уәкілетті тұлғаға әкімшілік шешімдерге қатысты сотқа дейінгі шағым түсіру мүмкіндіктері мен басымдықтары қарастырылған. Сонымен қатар «әкімшілік заңгерлікке» сот шешіміне шағымдану жағы да назардан тыс қалмаған.

Сонымен қатар, іс-шара барысында «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы, құрастырылып жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының ережесі талқыға салынды. Сонымен қатар, қолданыстағы «Медиация туралы», «Құқықтық актілер туралы» және «Төрелік туралы» заңдар талқыланды.

Жиын барысында талқыланған заң жобалары тыңдаушылар тарапынан қызығушылық тудырып, кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.

Алматы қаласының Әділет департаментінің Баспасөз қызметі