-A A +A

Алматы қаласында «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ АҚФ бірге Республикалық «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

25.08.2016 ж. тұрғындардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін көтеру мақсатымен ҚР Конституциясы күніне орай Алматы қаласы Әділет департаменті «Қазақстан заңгерлік Одағы» РҚБ АҚФ-мен бірлесе отырып, Алматы қаласы Түрксіб аудандық ХҚКО ғимаратында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.

Ауқымды әлеуметтік акцияның мақсаты – Елбасы Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын тарату, ДЭФ ЖБҚИ Қазақстанның көрсеткішін жетілдіру мақсатындағы заңнамалық реформалар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды ақпараттық сүйемелдеу, халыққа құқықтық қызмет көрсету, сондай-ақ әділет органдарының қызметтері бойынша консультативтік қызмет көрсету.

Акция жұмысына Алматы қаласы Әділет департаманті бөлімдерімен Түрксіб аудандық Әділет басқармасының мамандарынан құралған ақпараттық насихаттау тобы, «Нұр Отан» партиясының АҚФ-ң өкілдері, Алматы қаласы Адвокаттар алқасының адвокаттары және Алматы қаласының жекеше нотариустары қатысты. 

Акция барысында азаматтық, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылыққа, азаматтардың жылжымайтын мүліктерін заңдастыруға, жер телімдерін бөлуге, заңды тұлғаларды тіркеуге, азаматтық хал актілерін тіркеуге, сонымен қатар азаматтардың тегін заң көмегін алу бойынша сұрақтар қойылып, толықтай жауаптар берілді.

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі