-A A +A

Алматы қаласының әуе-жайында арнайы терминалдар орналастырылған

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп облыстық әуе-жайларында қарыздарды төлеу және шығу шектеулерді алу терминладарды орналастыру жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі таңда аталған терминалдар арқылы Алматы қаласының әуе-жайында 2015 жылдың 1 шілдеге дейін қойылған айыппұлдарды төлей отырып шектеулерді шешуге мүмкіндік бар.

Сонымен бірге, алимент қарыздарды, мүліктік емес істер барлар (шығарып тастау, тұрғын үйден шығару, қызметпен айналысуын тоқтата тұру) және 1 миллион тенгеден жоғары қарыздарды терминладар арқылы төлеуге мүмкіндік жоқтығы туралы ескерту қажет.

Іс-сапарға, туыстарға және туристік сапарға билеті сатып алу, демалыс орындарын брондау алдында және т.б., Әділет министрлігінің www.adilet.kz сайтында автоматтық режимінде жүргізілетін борышкерлер тізімдер арқылы аталған жәйлар бойынша қарыздары бар/жоқтығын тексеріп шығу қажеттігін ескертеміз. Егер жолдаманы ірі туристік компанияларында сатып алсаңыз, компания мамандарының он-лайн сауалнама немесе телефон арқылы әділет органдарында өзінізге қатысты мәмілелерді тексеріп шығуын мүмкіндік бар.

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі