-A A +A

«Ана үйі» қоғамдық қоры

Алматы қаласы Әділет департаменті азаматтық хал актілерін тіркеуді және апостильдеуді әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы А.Б.Капаева «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ АҚФпен бірге  құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ана үйі» қоғамдық қорына барды.

Сухбат барысында, қиын жағдайда қалған әйелдер әкелікті анықтау, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларының құқықтары туралы сұрақтарды көтерді. Барлық сұрақтарға жауаптар беріліп, түсіндірілді.

Аталған іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын жоғарылату, сонымен қатар азаматтарға неке-отбасы заңнамасы саласында білікті құқықтық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

 

    Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі