-A A +A

Әділет департаменті жанындағы мемлекеттік органдарының Заңдық қызметтерінің Үйлестіру кеңесі өтті.

         2017 жылғы 25 қыркүйектеАлматы қаласы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімімен «Жергілікті өкілді және атқарушы органдарының норма шығармашылық пен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу саласында 2017 жылғы 1-жартыжылдығы бойынша 2016 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғандағы қызметтерін жүзеге асыру мәселелері» тақырыбы бойынша Әділет департаменті жанындағы мемлекеттік органдарының Заңдық қызметтерінің Үйлестіру кеңесі өтті.

Үйлестіру кеңесінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылмауының алдын алу шарасы ретінде НҚА ресми жариялау мен мемлекеттік тіркеудің маңыздылығы туралы сұрақтар қарастырылды, НҚА әзірлеу және қабылдау барысында кемшіліктерге жол берілген проблемалық сұрақтар, сонымен бірге Әділет департаментімен қосымша құқықтық мониторингінің қорытындысы талқыланды.

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі