-A A +A

Әділет органдары қызметкерлері күні мерекесінің 25 жылдығына орай Спартакида ұйымдастырылды

30.09.2017 ж. Әділет органдары қызметкерлері күні мерекесінің 25 жылдығын тойлау және ұлтжандылықмен кәсіби мақтанышты тәрбиелеу мақсатында, Алматы қаласының Әділет департаментімен әділет органдарының құрылымына кіретін мекемелердің арасында Спартакида ұйымдастырылды.

Алматы қаласы Әділет департаментінің, Алматы қаласы бойынша сот сараптама институтының, Алматы қалалық адвокаттар алқасының, Нотариаттық Палатаның, Бағалаушылар Палатасының және аймақтық жеке сот орындаушылар Палатасының командалары спорттың 6 түрінен спорттық жарыстарға түсті. Спартакиадада футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, арқан тарту және армреслингтен спорттық жарыстар өткізілді. Ақтық ойынға шығатын командалар, 2017 ж. 27-30 қыркүйек арасында іріктеу ойындарында анықталды.

30 қыркүйек күні «Football Land» спорт кешенінде салтанатты іс-шарада Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Г.А.Кокобаева Спартакиаданы қортындылап, нәтижесінде жалпы командалық есепте Алматы қаласының Нотариаттық Палатасы І орынға орналасып, Спартакиаданың өтпелі Кубогының иегері атанды.

 

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі