-A A +A

«Әділет органдарының әрекеттері мен шешімдерінің заңдылығын әкімшілік реттеуде жеке кәсіпкерлердің дау айту тәртібі» тақырыбында семинар өтті.

Алматы қаласы Әділет департаменті заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің инспекторы Н.Алиханов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Медеу аудандық бөлімінің қызметкерлеріне және «KGG» және «КОШОЙ ТРЕЙД» ЖШС-нің өкілдерінің  қатысуымен  «Дүниежүзілік экономикалық форумның жақандық бәсекелестік қабілетінің көрсеткішінің талаптарын орындау мақсатында «Әділет органдарының әрекеттері мен шешімдерінің заңдылығын әкімшілік реттеуде жеке кәсіпкерлердің дау айту тәртібі» тақырыбында  семинар өткізілді. Семинар барысында заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің инспекторы Медеу аудандық ХҚКО-ның қызметкерлеріне заңды тұлғаларды тіркеуге құжаттар қабылдау барысында туындайтын мәселелер бойынша ақпарат беріп, сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

 

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі