-A A +A

Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеуге арналған байқау өтті

22.09.2017 ж. Алматы қаласы Әділет департаментімен Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеуге арналған «Тіл – татулық тірегі» атты байқау өтті.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес байқаудың мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, жас мамандардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Іс-шараға Алматы қаласы Әділет департаментінің барлық құрылымдық бөлімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің дайындаған бейнориктерін, презентациялары, слайдтарын көрсетті, мемлекеттік тілді білуге арналған викториналар мен байқаулар өткізілді.

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі