-A A +A

«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ АҚФ бірге Алматы қаласында Республикалық «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

11.03.2016 ж. Тұрғындардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін көтеру мақсатында Алматы қаласы Әділет департаменті «Қазақстан заңгерлік Одағы» РҚБ АҚФ-мен бірлесе отырып, Алматы қаласы Жетісу аудандық ХҚКО ғимаратында «Алматы» телеканалының қатысуымен «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.

Ауқымды әлеуметтік акцияның мақсаты - Елбасы Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын тарату, «Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» халықаралық рейтингінде Қазақстанның көрсеткішін жетілдіру мақсатындағы заңнамалық реформалар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды ақпараттық сүймелдеу, халыққа құқықтық қызмет көрсету, сондай-ақ әділет органдарының қызметтері бойынша консультативтік қызмет көрсету.

Акция жұмысына Алматы қаласы Әділет департаманті бөлімдерінің басшылары мен мамандары, Алматы қаласы Адвокаттар алқасының төрағасы – Карчегенов К.К., Алматы қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты - Журманов Д.П., «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» өкілі – Муртазин Е.Р., Алматы қаласының жекеше нотариустары - Мазиева А.Х, Егинбаева Б.М. қатысты. 

Акция барысында азаматтық, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылыққа, азаматтардың жылжымайтын мүліктерін заңдастыруға, жер телімдерін бөлуге, заңды тұлғаларды тіркеуге, азаматтық хал актілерін тіркеуге т.б. байланысты сұрақтар қойылып, толықтай жауаптар берілді.

 

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі