-A A +A

«Кәсіпорындар ашу» және «Жеке меншікті тіркеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Алматы қаласы Әділет департаментінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  Б.А. Сағынтаевпен бекітілген 2017ж. 27 қазанында өткен кеңестің №14-50/И-379 хаттамасының 4-тармағын орындау мақсатында Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтінгісінде Қазақстанның көрсеткіштерін арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы»  Департаментінің, Алматы қаласы бойынша Нотариустарының,  Алматы қаласы бойынша барлық Әділет Басқармаларының, Алматы қаласы бойынша Жеке сот орындаушыларының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы - «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру»  Департаментінің және Алматы қаласы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу Басқармасының қатысуымен  «Кәсіпорындар ашу» және «Жеке меншікті тіркеу»  тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

            Кездесу барысында кәсіпорындар ашу және жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде туындайтын мәселелер бойынша сұрақтарға дөңгелек үстелге қатысушылар арасында қызу талқыланып, оларға жан-жақты жауаптар берілді.

 

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі