-A A +A

Құжаттарға апостиль қоюдың өзекті мәселелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы- «Халыққа қызмет кқрсету орталығы» департаметінің Жетісу аудандық №1 бөлімінде оқыту жүргізілді

 

28.09.2017 жылы Алматы қаласы Әділет департаменті азаматтық хал актілерін тіркеуді және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау  бөлімінің жетекші маманы А.Исмаилжанова Жетісу аудандық ХҚКО қызметкерлерінің қатысуымен құжаттарға апостиль қоюдың өзекті мәселелері бойынша оқыту жүргізді.

Оқыту барысында 05.10.1961 жылғы Гаагада қабылданған шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Конвенциясы және «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарты бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құжаттар қабылдау тәртібі талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

 

 

    Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі