-A A +A

Медеу аудандық әкімі аппаратында кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Алматы қаласы Медеу аудандық әкімі аппаратында және заңды тұлғалармен Алматы қ. Әділет Департаментінің қызметі туралы сұрақтар бойынша кездесу өткізілді. Әділет органдарының атқаратын міндеттері туралы түсіндірме жұмысы жүргізіліп, кеңестер берілді.

Халықпен Әділет Департаменті көрсететін мемлекеттік қызметіне қатысты сұрақтар талқыланды. Алматы қ. нотариустарының заңнама талаптарынын сақталуы бойынша Әділет департаментімен жүргізілетін тексеріс жұмыстарына, кездесуге келген қоңақтардың көңілі толды.

Келген қонақтарды адвокаттық қызмет туралы сұрақтар қызықтырды. Адвокат атану үшін қандай емтихандардан өту керектігі туралы сұрақтар бірнеше рет қойылды. Бұл сұрақ бойынша толық қанды жауап қайтарылды. Атап айтқанда адвокаттық қызметпен айналысу үшін лицензияны алу және тәжірбие өту тәртібі түсіндіріліп, бұл ақпараттар қамтылған буклеттер таратылды.

Кездесу барысында заңды тұлғалардың өкілдері заңды тұлғаны тіркеу және қайта тіркеу туралы сурақтарға жауп алды. 

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі