-A A +A

«Мәмілелер тазалығы» механизмін енгізу бойынша дөңгелек үстел өткізілді

09.11.2017 года  Алматы қаласы Әділет департаменті Алматы қаласы қалалық судьясы М.Ш.Мухатовтың, Алматы қаласы Нотариалдық Палатасының өкілі О.В.Вербованың, Алматы қаласының нотариустарының қатысуымен «мәмілелер тазалығы» механизмін енгізу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында иеліктен шығарылған мүліктің бұрынғы иегерлерінің мүлікті иелену тарихын нотариустар тексеруінің құқықтық механизмдерін енгізудің қажет екендігі туралы, мәмілелерді куәландыру кезінде қатысушылардың отбасылық жағдайы туралы мәліметтер бойынша нотариустарға артылатын міндеттер туралы сұрақтар талқыланды.

Сонымен қатар, нотариустардың кәсіби даярлығы бойынша сұрақтар қарастырылып, нотариустардың кәсіби деңгейін көтеретін шаралар ұсынылды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мәмілелердің заңдылығын қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.

 Алматы қаласы әділет департаментінің баспасөз қызметі