-A A +A

«Наурызбай ауданның тұрғындарына құқықтық көмек» тақырыбы бойынша кездесу өткізілді

2018 жылдың 11 қантарына белгіленген кестеге сәйкес, Наурызбай аудандық Әділет басқармасының басшысы Тойбаев Т.Ә. «Нұр Отан» партиясы Наурызбай аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында болып, азаматтарды жеке қабылдап, көкейкесті мәселелерін талқылады.

            Азаматтарды қабылдау барысында құжат алу, заңдастыру және т.б. көкейкесті сұрақтары қойылды.

            Әділет басқармасының басшысы азаматтардың қойған сұрақтарына нақты жауаптар қайтарып, тиісті басқарма қызметкерлеріне жақын арада аталған мәселелерді шешу үшін тапсырма берді. Қабылдауға 3 азамат қатысып, көтерілген сұрақтардың барлығына жауаптарымен қатар әділет саласының құқықтық түсіндіру кеңестері берілді.

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі