-A A +A

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және алдын алу шаралары бойынша семинар-жиналысы өтті.

Алматы қаласы Әділет депратаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы және алдын алу шаралары бойынша семинар-жиналысы өтті. Аталған жиналыстың шеңберінде Алматы қаласы Әділет департаментінің 2017 жылдың 12 ай ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалған іс-шаралары туралы ақпарат берілді.

Семинар-жиналысы Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының  орынбасары К.Б.Базарбаевтың төрағалық етуімен және Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро өкілі Н.А.Мешековтың, «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық кеңесінің Алматы қаласы бойынша филиалының өкілі А.П.Беляновтың, сонымен қатар ІІД ӨҚБ бөлімінің басшысы Сартаев Даурен Бейсенбековичтің қатысуымен өтті.

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі