-A A +A

Тәжікстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдері мен мемлекеттік нотариустары Алматы қаласы Әділет департаментінде жұмыс сапарымен

2016 жылдың 25 сәуірінде Алматы қаласы Әділет департементінде Тәжікстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдері мен мемлекеттік нотариустары Қазақстан Республикасында нотариустардың нотариаттық қызметті көрсетудегі оң тәжірибесімен, сонымен қатар жекеше нотариус институтымен танысу мақсатында жұмыс сапарын өткізді.

Аталған іс-шараға Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Г.А.Кокобаева, құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы А.А.Бақтымбетова, Тәжікстан Республикасы Әділет министрлігінің заңдылықтар бойынша Бас басқармасы басшысының орынбасары Холикзода Сарвар Хотелей, Тәжікстан Республикасы Бас мемлекеттік нотариалдық Кеңсесінің бас нотариусының орынбасары Джаббарова Наргис Рахмоновна, Тәжікстан Республикасы ӘМ азаматтарға құқықтық көмек және заңгерлік жұмыс басқармасының бас маманы Рахимов Салохитддин Абдухоликович, Тәжікстан Республикасы Бас мемлекеттік нотариалдық Кеңсесінің мемлекеттік нотариусы Пулодов Хусрав Шарафович, Еушотбе қаласы И.Сомони ауданының нотариалдық кеңсесінің мемлекеттік нготариусы  Махмудов Собирджон Неъматович қатысты.

Кездесу барысында Тәжікстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдері Қазақстан Республикасындағы нотариат жүйесін нормативтік реттеу тәртібімен таныстырылды, сондай-ақ Алматы қаласы Әділет департаменті қызметкерлері слайд негізінде ҚР нотариалдық жүйесі туралы презентация ұсынды. 

 

Пресс-служба Департамента юстиции г.Алматы