-A A +A

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі» тақырыбында семинар өтті.

23.06.2017ж

Алматы қаласы Алатау ауданы Әділет басқармасының жұмыс жоспарын орындау мақсатында Алатау ауданы Әділет басқармасының жетекші маманы Рысмаханова К.Н. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша  филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Алатау аудандық бөлімінің қызметкерлеріне  «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу» туралы семинар өткізді.

Семинар барысында Алатау аудандық ХҚКО-ның қызметкерлеріне заңды тұлғаның қызметін тоқтату барысында туындайтын мәселелер бойынша ақпараттар беріліп, сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

 

Алматы қаласы Әділет Департаментінің баспасөз қызметі