-A A +A

«Заңды тұлғаларды тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы рәсімдерді жеңілдету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

       29.09.2017 жылы Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары З. Сатхожинаның басшылығымен Алматы қаласы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі және жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасымен бірлесіп Дүниежүзілік экономикалық форумның жақандық бәсекелестік қабілеттілігін және Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтінгісінің жоспарын орындау мақсатында Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің, «Халыққа арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» - «Жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және жер кадастрі» Департаментінің Алматы қаласы бойынша филиалының, «Халыққа арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Алматы қаласы бойынша филиалының, Алматы қаласының нотариустары мен заңды тұлғалардың өкілдерінің қатысуымен «Заңды тұлғаларды тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы рәсімдерді жеңілдету» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Дөңгелек үстел барысында заңды тұлғаларды тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу тәртіптері бойынша сұрақтар талқыланды.

 

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі