-A A +A

Жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар-жиналыс өткізілді

02.09.2017 г. Алматы қаласы Әділет департаментімен сыбайлас жемқорлықты алдын алу және болдырмау бойынша семинар-жналыс өтті. Осы жиналыстың аясында Алматы қаласы Әділет департаментінің жемқорлықпен күрес бойынша  2017 жылдың 9 айында істелінген жұмыстары туралы ақпарат қарастырылды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың статистикалық мәліметтері талданып, зерттелді.  

Семинар-жиналыс Алматы қаласы Әділет департементі басшысының орынбасары З.М.Сатхожинаның басшылығымен өтті. Жиналысқа сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша жемқорлықпен күрес ұлттық бюросы Департаментінің өкілі Н.А.Мекешов, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының жемқорлықпен күрес Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.П.Белянова қатысты.

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі