-A A +A

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібі» тақырыбында оқу-семинар өтті.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының бас маманы К.Шакирбековамен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қ.бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жетысу аудандық бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен,  мемлекеттік қызмет көрсету (жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу, мүлікке құқық бар (жоқ) екендігі туралы анықтама беру т.б.) сапасын жақсарту мақсатында «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібі» тақырыбында «оқу-семинар» өткізді.

Семинар барысында басқарманың бас маманы тарапынан жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібі бойынша (құжаттарды қабылдау, тіркеу немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту) мәліметтер ұсынып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі