-A A +A

Жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасы «Үздік тіркеуші – 2017» байқауын өткізді

25.09.2017 жылы жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасы Әділет органдары қызметкерлері күнінің 25 жылдығына арнап, басқарма қызметкерлерінің арасында «Үздік тіркеуші – 2017»  байқауын өткізді.

Жарыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең: жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді уақыт пен сапаны басшылыққа ала отырып жүзеге асыру. Екінші: РҚ заңдары бойынша сұрақ-жауап. Тіркеушілерге жылжымайтын мүлікті тіркеу саласы, сонымен қатар қазақ тілі бойынша сұрақтар қойылды. Үшінші кезең: Логиқалық сұрақтар. Тіркеушілерге логикалық сұрақтар қойылып, қызықты тапсырмалар берілді.

Байқау нәтижесі бойынша 1 орынды К.Шакирбекова иеленіп, екінші орын Т.Галандаровқа, 3 - орын О.Байназаровқа бұйырды. 

 

 

Алматы қаласы Әділет Департаментінің баспасөз қызметі