-A A +A

Әділет органдары туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304 Заңы

 

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; "Егемен Қазақстан" 2002 жылғы 27 наурыз N 67


 

МАЗМҰНЫ

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының 
              мәртебесi

      Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.

      2-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзi

      Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.

      3-бап. Әдiлет органдарының мiндеттерi

      Әдiлет органдарының мiндеттерi:
      1) жалпымемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу;
      2) Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Республиканың дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету;
      3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды, жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлдерiн, орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн,  азаматтық хал актiлерiн  мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк есебiн жүргiзудi және оларға бақылау жасауды жүзеге асыру;
      4) құқықтық көмектi және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
      5) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      6) қылмыстық жазаларды атқару, Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiнде құқықтық тәртiп пен заңдылықты қамтамасыз ету;
      6-1) сотталғандардың түзелуiн ұйымдастыру;
      6-2) сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету;
      7) санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      8) алынып тасталды
      9) әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңға сәйкес iс жүргiзу;
      9-1) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      9-2) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      9-3) атқарушылық құжаттарды орындау, республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру, сондай-ақ осы саладағы қызметтi мемлекеттiк реттеу;
      10) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады. 
      Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.29 N 25, 2007.03.26 N 240, 2010.12.28 N 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      4-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң принциптерi

      1. Әдiлет органдарының қызметi:
      1) заңдылық
      2) қорғалу құқығын қамтамасыз ету, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау;
      3) жариялылық, құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттiк органдармен, өзге де ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасау;
      4) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне тәуелсiз болу;
      5) гуманизм, демократия, қылмыстық жаза атқарудың жiктелуi мен дербестендiрiлуi, қылмыстық жазаны түзету ықпалымен ұштастыру;
      6) әдiлет органдары жүйесiнiң бiртұтастығы принциптерiне негiзделедi.

2-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖYЙЕСI ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТIН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ

      5-бап. Әдiлет органдарының жүйесi

      1. Әдiлет органдарының бiртұтас жүйесi:
      1) мыналарды: 
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiн; 
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң комитеттерiн;
      аумақтық әдiлет органдары мен мекемелерiн; 
      қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарын;
      атқарушылық iс жүргiзу органдарын қамтитын әдiлет органдарынан;
      2) мекемелерден және өзге де бағынысты ұйымдардан құралады.
      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн құруды, қайта ұйымдастыруды және таратуды Әдiлет министрлiгi, ал заңдарда көзделген жағдайларда - Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.
      3. Алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.03.26 N 240, 2010.12.28 N 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      6-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылымына кiретiн, Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық атқарушы орган болып табылады.
      2. Әдiлет министрлiгiн Республиканың Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес: 
      1) авторлық құқық пен сабақтас құқықтар, өнеркәсiптiк меншiк, селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектiлерiн пайдалану саласында;
      2) нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау саласында ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексеру жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi.
      4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттiң мүдделерiн қорғау, халық тарапынан сенiм мәселелерiне басымдық берiп, өкiлдi органдар мен жұртшылық беретiн сыртқы бағалау тетiктерiн айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейiнiң рейтингтiк бағасын енгiзiп, есептiлiк және қызметтi бағалау жүйесiн жетiлдiредi, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлi нысандарын белгiлейдi.
       Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.04.29 N 154-IV, 2009.07.17 N 188-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 
              өкiлеттiктерi

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi (бұдан әрi - Министр) әдiлет органдарының жұмысына басшылық етудi жүзеге асырады және әдiлет органдарына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады.
      2. Министр: 
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволардың, Әдiлет министрлiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      2) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк тiркелуге тиiс, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлерiн жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;
      3) әдiлет органдары орындауға мiндеттi актiлер, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi актiлер шығарады;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Министрлiктен өкiлдiк етедi;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнаулы атақтар бередi;
      6) өзiне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      8-бап. Аумақтық әдiлет органдары

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандар мен қалалардың әдiлет бөлiмшелерi аумақтық әдiлет органдары болып табылады.
      2. Аумақтық әдiлет органдарында әдiлет органдарына жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететiн тиiстi құрылымдық бөлiмшелер құрылады. 
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.29 N 25 Заңымен.

      9-бап. Әдiлет жүйесiнiң ұйымдары

      Әдiлет министрлiгiне жүктелген мiндеттердi шешу және функцияларды қамтамасыз ету үшiн Министрлiк жанында мекемелер, оқу орындары және басқа да ұйымдар жұмыс iстейдi.

      10-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi

      Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi - қылмыстық-атқару жүйесi) - қылмыстық жазаның атқарылуын және тергеу изоляторларында сезiктiлер мен айыпталушылардың күзетпен ұсталуын қамтамасыз ету жөнiндегi атқарушы және өкiмшi функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердiң, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың жүйесi. 
      Қылмыстық-атқару жүйесiнiң өз туы мен нышаны болады. 
      Қылмыстық-атқару жүйесiнiң туы мен нышанының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.29 N 25, 2007.03.26 N 240 Заңдарымен.

      11-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрылымы

      1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрылымын:
      1) уәкiлеттi орган (орталық атқарушы органның ведомствосы);
      2) қылмыстық-атқару жүйесiнiң аумақтық органдары;
      3) қылмыстық жазаларды атқаратын мекемелер мен органдар:
      қылмыстық-атқару инспекциялары;
      түзеу мекемелерi;
      4) тергеу изоляторлары;
      5) ғылыми-зерттеу, емдеу-профилактика ұйымдары мен бiлiм беру ұйымдары;
      6) қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыруға және сотталғандарды еңбекке тартуға арналған ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi;
      7) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң және олардың лауазымды адамдарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi, құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.29 N 25, 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      11-1-бап. Атқарушылық iс жүргiзу органдарының жүйесi

      Атқарушылық iс жүргiзу органдарының жүйесiн:
      1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган;
      2) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары (аумақтық органдар);
      3) аумақтық органдардың аудандардағы, қалалардағы және қалалардың аудандарындағы бөлiмдерi (аумақтық бөлiмдер) құрайды.
      Ескерту. Заң 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      12-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттiк органдармен, 
               ұйымдармен және лауазымды адамдармен 
               өзара iс-қимылы

      1. Әдiлет органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi шешу кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, оның iшiнде құқық қорғау және бақылау органдарымен, сондай-ақ лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасап отырады.
      Әдiлет органдары қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерiнiң ақпараттық жүйелерiнен мәлiметтер ұсынады.
      2. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар әдiлет органдарына функционалдық мiндеттердi орындауына және адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мемлекеттiң мүдделерiн қорғауына жәрдемдесуге мiндеттi.
      3. Әдiлет органдарының шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, оның iшiнде әдiлет органдарымен ынтымақтастығы халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Жергiлiктi атқарушы органдар қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган құрады. 
      Консультативтiк-кеңесшi органның қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн типтiк ережемен регламенттеледi. 
       Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.29 N 25, 2009.08.28 N 192-IV(2010.03.08 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      12-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде 
                 ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды 
                 мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiн қоғамдық 
                 бақылау

      1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiн қоғамдық бақылауды (бұдан әрi - қоғамдық бақылау) қоғамдық байқау комиссияларының мүшелерi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
      2. Қоғамдық байқау комиссиялары қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң қызметiне:
      1) сезiктiлердiң, айыпталушылар мен сотталғандардың ұсталу жағдайын және оларды медициналық-санитарлық қамтамасыз етудi жақсарту;
      2) сотталғандардың еңбегiн, бос уақытын, оларды оқытуды ұйымдастыруға қатысу;
      3) сотталғандарға оларды босатуға дайындауда, тұрғын үй-тұрмыстық жайластыру, жұмысқа орналастыру, медициналық қызмет көрсету және әлеуметтiк қамсыздандыру, әлеуметтiк-психологиялық оңалту және бейiмдеу мәселелерiн шешуде көмек көрсету мақсатында жәрдемдесуге құқылы.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң әкiмшiлiктерi қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қоғамдық бақылау iс-шараларын жүзеге асырған кезде оларға жәрдемдеседi.
      4. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi қоғамдық бақылау нәтижелерi бойынша қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң әкiмшiлiктерiне не қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органына аталған мекемелердiң қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар жiберуге құқылы. 
      Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.12.29 N 25 Заңымен.

      13-бап. Әдiлет органдарының актiлерi

      1. Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген жағдайларда Әдiлет министрi өз құзыретi шегiнде әдiлет органдары қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк тiркелуге тиiстi бұйрықтар шығарады, сондай-ақ ұсыныстар енгiзедi.
      2. Әдiлет министрлiгi ведомстволарының және аумақтық органдарының басшылары өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады және ұсыныстар енгiзедi.
      3. Әдiлет органдарының өз құзыретi шегiнде қабылдаған және заңдарда көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеуден өткен актiлерiн Қазақстан Республикасы ұйымдары, лауазымды адамдары мен азаматтары, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар орындауға мiндеттi.

      14-бап. Әдiлет органдарының ұсынысы

      1. Әдiлет органдары:
      1) мемлекеттiк органдардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты;
      2) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың олар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануы мiндеттi, бiрақ белгiленген тәртiппен жарияланбаған, нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты;
      3) мемлекеттiк органдардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты;
      4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларда заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгiзедi.
      2. Ұсыныс тиiстi мемлекеттiк органға (лауазымды адамға) не жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) енгiзiледi.
      3. Ұсынысты мемлекеттiк орган не жоғары тұрған органның лауазымды адамы бiр ай мерзiмде қарауға тиiс. 
      Әдiлет органдары ұсыныстың қаралуына қатысуға құқылы.
      4. Мемлекеттiк орган не лауазымды адам жолсыздықты жоюға және қолданылған шаралар туралы әдiлет органдарына хабарлауға мiндеттi.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

3-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ НЕГIЗГI ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ 
МЕН МIНДЕТТЕРI

      15-бап. Әдiлет органдарының заң жобасы жұмысын жүргiзу, 
               заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары

      Әдiлет органдары заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) заң жобасы жұмысы, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
      2) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жасау;
      3) заң жобалары, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыру үшiн, осы мақсаттарға бюджеттiк және өзге де қаражаттарды пайдалана отырып, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, оның iшiнде шет ел мамандары мен сарапшыларын тарту;
      4) Республика Үкiметi мен Премьер-Министрiнiң тапсыруымен және өз бастамасы бойынша Үкiметтiң нормативтiк құқықтық актiлерiне ресми түсiндiрме беру;
      5) құқықтық ақпараттандыру, заңдарды жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу, Қазақстанда құқықтық ақпараттың бiрыңғай компьютерлiк жүйесiн жүргiзу;
      6) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың заң саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру.

      16-бап. Әдiлет органдарының халықаралық шарттарды 
               құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық 
               көмектi үйлестiру саласындағы функциялары

      Әдiлет органдары халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды дайындау, жасасуды және орындауды ұйымдастыру;
      2) Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасалатын заем шарттарына заң сараптамасын жасау;
      3) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң сот тапсырмалары мен өтiнiштерiн орындау;
      4) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң заңдарын үйлестiру, бiр iзге түсiру, сондай-ақ Қазақстан таныған халықаралық нормаларды Қазақстан Республикасының заңдарына имплементациялау мәселелерi бойынша талдау жүргiзу;
      5) санаткерлiк меншiк құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындау мен жасасуға, осындай шарттарға қол қоюға белгiленген тәртiппен қатысу;
      6) халықаралық шарттардың жобаларына заң сараптамасын жасау.

      17-бап. Әдiлет органдарының сот-сараптама қызметi, 
               анықтау және әкiмшiлiк iс жүргiзу саласындағы 
               функциялары

      Әдiлет органдары сот-сараптама қызметi, анықтау және әкiмшiлiк iс жүргiзу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) сот сарапшылары кадрларын iрiктеу және орналастыру;
      2) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және сот сарапшыларына Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен лицензиялар беру;
      3) мемлекеттiк сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      4) сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру;
      5) әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру;
      6) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру;
      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi заңға сәйкес жүзеге асыру. 
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2005.04.15 N 45 Заңымен.

      18-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттiк тiркеудi жүзеге 
               асыру саласындағы функциялары

      Әдiлет органдары мемлекеттiк тiркеу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, мәслихаттардың, әкiмияттардың және әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
      2) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмiн және филиалдар мен өкiлдiктердiң тiзiлiмiн жүргiзу;
      3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу;
      4) мемлекеттiк органдардың тiркелген нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесiн жалпы жұрттың назарына жеткiзу үшiн жариялау;
      5) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiктiң құқықтық кадастрын жүргiзу, оның кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық тексеру және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу. 
      Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.29 N 25, 2006.06.05 N 146, 2007.07.26 N 311, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       19-бап. Әдiлет органдарының құқықтық көмек және заң 
                қызметiн көрсетудi ұйымдастыру, құқықтық 
                насихат салаларындағы функциялары

      1. Әдiлет органдары құқықтық көмектi ұйымдастыру және заң қызметiн көрсету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк нотариат кадрларын iрiктеу, аттестаттау және орналастыру, Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және тоқтату (олардан айыруды қоспағанда);
      2) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттiк және жеке нотариустардың iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылау;
      3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау;
      4) азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдарының қызметiн қамтамасыз ету;
      5) орталық атқарушы органдардың заң қызметiнiң жұмысын үйлестiру және оған әдiстемелiк басшылық жасау, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi аппараттарының заң қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасау;
      6) нотариат кеңселерiнiң, азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдарының, адвокатураның жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң қызметiнiң сапасын бақылау;
      7) азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының кадрларын аттестаттау, iрiктеу және орналастыру, осы органдарға ұйымдастырушылық, әдiстемелiк басшылық жасау, олардың қызметiнде бiрыңғай құқық қолдану iс-тәжiрибесiн қамтамасыз ету;
      8) әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
      2. Әдiлет органдары құқықтық насихат саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестiру, заңдарға түсiндiрме беруге қатысу;
      2) эталондық заң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, ақпараттық және анықтамалық-әдiстемелiк материалдарды шарт негiзiнде, оның iшiнде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесiн пайдалана отырып беру;
      3) заң әдебиетi, құқықтық насихат проблемалары жөнiндегi әдебиет тапсырысшысы. 
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.29 N 25, 2005.04.15 N 45, 2007.01.12 N222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      20-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару қызметi 
               саласындағы функциялары

      Қылмыстық-атқару қызметi саласында әдiлет органдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) соттардың сотталғандарға қатысты үкiмдерiн, қаулылары мен ұйғарымдарын орындау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде жазаны өтеудiң заңнамада белгiленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      2) сезiктiлер мен айыпталушыларды қарап-ұстау;
      3) соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiне орналастыруды ұйымдастыру;
      4) сотталғандарға түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдану арқылы жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      5) сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
      6) қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарын, сотталған әйелдердiң, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуiне арналған түзеу мекемелерiн, түрмелердi және тергеу изоляторларын күзету;
      6-1) қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiндегi шұғыл жағдайды бақылау, қызметкерлердiң, күдiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, айдап апару;
      7) сотталғандарды босатуға дайындау жөнiндегi жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, рақымшылық және кешiрiм жасау актiлерiн атқару, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының сотталғандардың түзелу нәтижелерiн нығайту, оларды еңбекке орналастыру және тұрмыстық жайластыру жөнiнде басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттiк басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
      8) жедел-iздестiру қызметiн және анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      9) сотталғандардың жалпы бiлiм алуы мен кәсiби оқуын ұйымдастыру;
      10) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
      11) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      12) қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту, нығайту мен жетiлдiру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
      13) қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тарту;
      14) қызметкерлердiң кәсiби даярлығын, құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
      15) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қылмыстық-атқару қызметi саласындағы ғылыми зерттеулерiн үйлестiру. 
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.29 N 25 Заңымен,  өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.06.24 N 46-IV (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      21-бап. Әдiлет органдарының санаткерлiк меншiк 
               құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы 
               функциялары

      Әдiлет органдары санаткерлiк меншiк құқықтарын қамтамасыз ету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) санаткерлiк меншiктi қорғау саласындағы заңдардың қолданылу практикасын қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      2) санаткерлiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргiзудi қамтамасыз ету;
      3) санаткерлiк меншiк объектiлерiн қорғау және пайдалану мәселелерi жөнiндегi халықаралық ынтымақтастық
      4) туындыларды пайдаланушылардың авторлық құқық пен сабақтас құқықтар нормаларын сақтауына және авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық шарттардың орындалуына байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеу;
      5) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқарушы ұйымдардың қызметiн бақылау;
      6) ресми тiзiлiмдерде авторлық құқықты тiркеу;
      7) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқарушы ұйымдардың және туындылар мен сабақтас құқық объектiлерiн пайдаланудың тиiстi әдiстерiн пайдаланушылардың арасында жасалған лицензиялық шарттарды тiркеу, мемлекеттiк тiркеу куәлiктерiн беру;
      8) туындыларды пайдалану құқықтарының импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
      9) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдердiң тiркелуiн қамтамасыз ету;
      10) қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдерге сараптама жүргiзудi ұйымдастыру, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшiнде ұстау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
      11) патенттiк iс саласындағы сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдардың қызметiн бақылау;
      12) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға арналған лицензиялық шарттардың, ашық лицензиялардың және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарының тiркелуiн қамтамасыз ету; 
      13) алынып тасталды 
      14) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу. 
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10 N 179-IV Заңдарымен.

      21-1-бап. Әдiлет органдарының атқарушылық құжаттардың
                 орындалуын, республикалық меншiкке айналдырылған
                 (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау
                 және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстардың
                 ұйымдастырылуын қамтамасыз ету саласындағы
                 функциялары

      Әдiлет органдары атқарушылық құжаттардың орындалуын, республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету саласында мынадай:
      1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету (ұйымдастырушылық, әдiстемелiк қамтамасыз ету, бақылау, атқарушылық iс жүргiзу бойынша шағымдар мен өзге де өтiнiштердi қарау, борышкерлердiң тыйым салынған мүлкiмен жұмыс);
      РҚАО-ның ескертпесi!
      2) тармақшаға өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      2) жеке сот орындаушылары мен олардың алқаларының қызметiн ұйымдастыру (бiлiктiлiк, тәртiптiк комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, конкурс өткiзу, жеке сот орындаушыларының қызметiн лицензиялау, лицензиядан кейiнгi бақылау, олардың қызметiн бақылау, жеке сот орындаушыларының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдар мен өзге де өтiнiштердi қарау);
      3) атқарушылық құжаттарды орындау саласында шет мемлекеттердiң атқарушылық iс жүргiзу қызметтерiмен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
      4) жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi (тәркiленген мүлiктi) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырады.
      Ескерту. Заң 21-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      22-бап. Әдiлет органдарының есiрткi құралдары,
              психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы
              және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс
              пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы
              функциялары

      Ескерту. 22-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.29 N 25 Заңымен.

      22-1-бап. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар, 
                өнеркәсiптiк меншiк, селекциялық жетiстiктер, 
                интегралдық микросхемалар топологиясы 
                объектiлерiнiң пайдаланылуына мемлекеттiк 
                бақылау

      1. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар, өнеркәсiптiк меншiк, селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектiлерiнiң пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 
      2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 
      Ескерту. 22-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту  енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары

      1. Әдiлет органдары 15-22-баптарда тiзбеленген функциялардан басқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау және қорғау;
      2) өздерiне басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;
      3) әдiлет органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, қарау және қабылданған шешiмдер туралы өтiнiш жасаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мерзiмде хабарлау;
      4) өз қызметi саласында Қазақстан Республикасы заңдарын қолданылу практикасын талдау және қорыту және оларды жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзу;
      5) стратегиялар мен бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз eту;
      6) қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiнде заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету;
      7) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсету;
      7-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      8) зияткерлiк меншiк саласында Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларды тексерудi жүзеге асыру;
      9) нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен жариялауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiн тексерудi жүзеге асыру;
      10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
      2. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда әдiлет органдары сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлейдi.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi негiзгi қызметiне жатпайтын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iске асырады. 
      Қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттiк мекемелерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiне соларда ұсталатын күдiктiлердiң, айыпталушылардың, сотталғандардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру кезiнде азық-түлiк өнiмдерiн, алғашқы қажеттiлiк заттарын, киiм-кешек, аяқ киiм, газеттер, журналдар, әдебиет, дәрi-дәрмектер және қосымша емдiк-профилактикалық көмек көрсету үшiн медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды қосымша сатып алуға, ұзақ мерзiмдi кездесулер ұсынуға және қосымша емдеу-профилактикалық қызмет пен Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалатын өзге де қызметтер көрсетуге, сондай-ақ күдiктiлер мен айыпталушылар үшiн қосымша ақылы тұрмыстық қызметтер жасауды ұсынатын жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтер жатады. 
      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптанқараңыз), 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.03.26 N240, 2010.01.20 № 239-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.07.21 N 468-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      24-бап. Әдiлет органдары мен олардың лауазымды 
               адамдарының құқықтары

      Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде:
      1) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар мiндеттi түрде орындауға тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
      2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға;
      3) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қағаз және (немесе) электрондық жеткiзгiштердегi қажеттi ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
      4) орталық мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкiмияттарда мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердi тексерудi жүзеге асыруға;
      5) Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге;
      6) өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
      7) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөнiндегi қызметiне бақылауды жүзеге асыруға;
      8) бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
      8-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге;
      9) баспа қызметiн жүзеге асыруға;
      10) алып тасталды
      11) алып тасталды
      12) заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға; 
      13) алып тасталды
      14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.29 N 25, 2007.01.11 N 218, 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      24-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң 
                 құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi:
      1) сотталғанның жеке басының өзiндiк-психологиялық ерекшелiктерiне зерттеу жүргiзуге және түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстер қолданып жасауға;
      2) сотталғандарды түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарында немесе басқа да ұйымдарда, еңбекке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке ақы төленбейтiн жұмыстарға тартуға;
      3) режимдiк талаптар белгiленген мекемелер аумағында және оған iргелес аумақтарда тұратын адамдарға, олардың заттарына, көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге, азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасына белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
      4) көлiк қозғалысын уақытша шектеуге немесе тоқтатуға, ерекше жағдайлар режимiн енгiзу кезiнде азаматтарды мекеме аумағына, сондай-ақ оған iргелес аумаққа жiбермеуге немесе онда қалуға не ол жерден кетуге мiндеттеуге;
      5) қылмыстық-атқару инспекциясының есебiнде тұрған адамдардың жұмыс орны мен оқу орны бойынша оларға байқау мен бақылау жасау мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, кез келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың өндiрiстiк және өзге де үй-жайларына кiруге;
      6) есепте тұрған адамдарды қылмыстық-атқару инспекциясына алып келудi жүзеге асыруға;
      7) қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн жария ету және бас бостандығынан айыру орындарынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашып шыққан адамдарды iздестiру үшiн бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға;
      8) қылмыстық-атқару қызметiне байланысты мәселелердi шешу үшiн соттарға, прокуратураға және өзге де органдар мен ұйымдарға өтiнiш жасауға құқылы.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi өз құзыретi шегiнде: 
      1) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдар мен олардың аумағында, сондай-ақ оған iргелес аумақта тұратын азаматтардың мiнез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
      2) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардан Қазақстан Республикасының заңдарында және сот үкiмiнде оларға жүктелген мiндеттердi орындауын талап етуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды тiркеудi, сондай-ақ оларды дактилоскопиялауды, суретке түсiрудi, олардың бейне түсiрiлiмiн, дыбыс жазбасын жүзеге асыруға;
      4) жүргiзiлетiн тәрбиелеу iс-шараларына сотталғандарды мiндеттi түрде қатыстыруға;
      5) алкогольдi iшiмдiктердi, уытты, есiрткi және өзге де психотроптық құралдарды пайдалану фактiлерiн анықтау мақсатында қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес куәландыру жүргiзуге;
      6) әкiмшiлiк немесе қылмыстық заңнаманың күшi қолданылуға жататын iс-әрекет жасаған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемесiне iргелес аумақта ұстауға және iшкi icтep органдарына апаруға, олардың жеке басына тексеру жүргiзуге;
      7) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;
      8) қылмыстық-атқару жүйесiнде төтенше оқиға жағдайларына қызметтiк тексерiс жүргiзуге, олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықтауды жүзеге асыруға мiндеттi. 
      Ескерту. Заң 24-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.12.29 N 25, өзгерту енгiзiлдi - 2007.03.26 N 240 Заңдарымен.

      24-2-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми 
                 мәтiндерiн кейiннен жариялау саласындағы 
                 мемлекеттiк бақылау

      1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 
      2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 
      Ескерту. 24-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту  енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ КАДРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ  ЖАҒДАЙЫ

      Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары

      Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттiк қызметшiлер болып табылатын қызметкерлерi, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының осы Заңға сәйкес өзге құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерi, сондай-ақ еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.

      26-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының персоналы

      Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының персоналын:
      1) қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерi;
      2) қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер;
      3) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiмен және органдарымен еңбек қатынастарында тұратын қылмыстық атқару жүйесiнiң жұмыскерлерi құрайды.

      27-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары
               қызметкерлерiнiң еңбегiн құқықтық реттеу

      Қылмыстық-атқару жүйесi органдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескерiлiп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiмен реттеледi.

      28-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары
               қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары

      Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiне арнаулы атақтар берiледi.
      Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының арнаулы атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ орталық және аумақтық бөлiмшелердегi соларға сәйкес шектi арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      29-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың
               ерекше жағдайлары

      1. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары деп төтенше немесе әскери жағдай режимi енгiзiлген, сезiктi, айыпталушы және сотталған адамның қашуы, адамдарды кепiлге алуы, жаппай тәртiпсiздiк, топтасып бағынбау не осылардың туындау қаупi кезiнде мекеме қызметкерлерiнiң оларды жою үшiн қажеттi мерзiмдегi жұмысы түсiнiледi.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары қызметкерлерiнiң қызмет атқарудың ерекше жағдайларындағы жұмысы үш айдан аспауы керек және демалыс күндерi берiлiп өтеледi. Қызметкерлердi қызметтiң ерекше жағдайларында қызмет атқару жұмысына тартудың тәртiбi мен шектi ұзақтығы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерi қылмыстық-атқару қызметi саласындағы мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесi органдарының кадрында қалдырылып, мемлекеттiк органдар мен халықаралық ұйымдарға iс-сапарға жiберiлуi мүмкiн.

      30-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiн материалдық және
               әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру

      1. Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен бiрыңғай еңбекке ақы төлеу жүйесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Әдiлет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары берiледi.
      3. Әдiлет органдарының «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мемлекеттiк қызметшiлер мәртебесiнен ерекшеленетiн құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерiнiң материалдық қамтамасыз етiлуi мен әлеуметтiк қорғалуы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      31-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының
               қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғаудың өзге шаралары

      Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының туберкулезге қарсы мекемелерiнде және қылмыстық-атқару жүйесiнiң басқа да мамандандырылған учаскелерi мен мекемелерiнде қызмет атқаратын қызметкерлерiне осы санаттағы медицина қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер қолданылады.

5-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТIНIҢ ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕРI

      33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, 
               материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 
      Қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 
      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.29 N 25, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер

      1. Алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      2. Алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Ескерту. Заң 34-баппен толықтырылды - ҚР 2004.12.29 N 25, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.03.26 N 240, 2008.06.24 N 46-IV (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      Қазақстан Республикасының 
      Президентi