-A A +A

Мемлекеттік қызмет туралы заң

Акт нөмірі: 453
Акт түрі: Заң
Қабылданған уақыты: 23.07.1999
Деректер базасы жаңарған уақыты: 09.08.2011
 

1-тарау. Жалпы ережелер

     

      1-бап. Негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке орналасуға үмiткер азаматтарға кәсiптік даярлығының деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты әкiмшiлiк лауазымға сәйкес келуiн айқындау мақсатында қойылатын талаптар;
      2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билік өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдық-өкiмдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
      3) лауазымдық өкілеттік – мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген құқықтар мен міндеттер;
      4) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты – мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының лауазымдық өкiлеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн сыныптамалық сипаттамасы;
      5) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi – мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда лауазымдық өкiлеттiктерді тұрақты кәсiптік негiзде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;
      6) мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi;
      7) мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
      8) мемлекеттiк лауазым – нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген лауазымдық өкiлеттiктер мен лауазымдық мiндеттер аясы жүктелген мемлекеттiк органның құрылымдық бiрлiгi;
      9) мемлекеттiк саяси қызметшi – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауапты болатын мемлекеттiк қызметшi;
      10) мүдделер қақтығысы – мемлекеттiк қызметшiнiң жеке басының мүдделiлiгi мен оның өз лауазымдық өкiлеттiктерiн тиiсiнше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң арасында осы заңды мүдделерге зиян келтiре алатын қайшылық туындайтын жағдай;
      11) ротация – мемлекеттiк саяси қызметшiлердi мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң арасында лауазымдық ауыстыру.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      

      2-бап. Мемлекеттiк қызмет туралы заңдар

      Мемлекеттiк қызмет туралы заңдар Конституциядан, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      

      3-бап. Мемлекеттiк қызметтiң принциптерi

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет:
      1) заңдылық;
      2) қазақстандық патриотизм;
      3) мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;
      4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;
      5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;
      6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;
      7) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiліктiлiгi;
      8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу;
      9) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төменгi мемлекеттiк органдардың қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi;
      10) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi;
      11) мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
      12) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;
      13) мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;
      14) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
      15) мемлекеттiк қызметшілердiң бiлiктiлiгiн арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне негiзделедi.
      2. Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.

      

       4-бап. Осы Заңның қолданылуы

      1. Осы Заң барлық мемлекеттiк қызметшiлерге қолданылады, бұған Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заң актiлерiнде олар үшiн өзгедей құқықтық мәртебе белгiленген жағдайлар қосылмайды.
      2. Техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдар мемлекеттiк қызметшiге жатпайды. Мұндай адамдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 

      

       5-бап. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi

      1. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн, мемлекеттiк қызмет саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган, оған мыналар:
      1) мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      2) мемлекеттiк қызметтi жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде заңдарда белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;
      3) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу және бекiту;
      4) мемлекеттiк қызмет қызметшiлерi жөнiндегi республикалық деректер базасын қалыптастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингiн жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарына орналастыру үшін кадрлар резервiн қалыптастыру;
      5) мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру, оларды әлеуметтiк-құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      6) Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн және осы Заңға сәйкес өзге де актілердi әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсыну;
      7) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлер даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру, оның iшiнде шетелдерде де, мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
      8) мемлекеттiк бағдарламалар бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды және мемлекеттiк қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды үйлестiру;
      8-1) мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн берiлген тәртiптік жазаны мерзiмінен бұрын алып тастауға келiсiм беру;
      9) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      10) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымды атқаруға арналған конкурстарды өткiзу тәртiбiн белгiлеу, сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру;
      10-1) кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сай келуі бөлігінде мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға келісу;
      10-2) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту тәртібін айқындау;
      11) мемлекеттiк органдардың осы Заңды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұза отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзу;
      12) мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың қолданылу мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың iс-әрекетi мен шешiмiне жасалған шағымдарын қарау;
      13) осы Заң бұзылған жағдайда сотқа жүгiну;
      14) мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу;
      14-1) мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтердiң сапасын арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жүктеледi.
      2. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi органдардың бiрыңғай жүйесін уәкiлеттi орган мен оған бағынысты аумақтық бөлiмшелер құрады.
      Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.
      2-1. Уәкiлеттi органның облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада тәртiптiк кеңестерi болады, олар туралы ереженi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. P990218
      3. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң шешiмдерi бұйрықтар нысанында ресiмделедi. 
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393, 2005.07.08. N 75 (2-1-тармақтың күші 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі; қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2011.07.05 N 452-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін) Заңдарымен.

      

      6-бап. Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi

      Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi өз құзыретi шегiнде:
      1) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне байланысты шешiмдерiн ресiмдейдi, қызметшiлердiң жеке iстерiн жүргiзедi, мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбек кiтапшаларына (қызмет ету тiзiмдерiне) қажеттi жазбалар енгiзедi;
      2) мемлекеттiк қызметшiлердiң заңда белгiленген шектеулердi қабылдауы туралы келiсiмін жазбаша нысанда белгiлейдi (өзiне қабылдаған шектеулердi бұзған жағдайда құқықтық салдарлар туралы хабардар етедi);
      3) мемлекеттiк қызметшiлерге олардың құқықтық жағдайының мәселелерi жөнiнде ақыл-кеңес бередi, мемлекеттiк қызметте болумен байланысты шектеулердiң сақталуын бақылайды;
      4) уәкiлеттi органға ұсыну үшiн бос лауазымдар тiзiмiн, бос лауазымдарды толтыру жөнiнде өтiнiмдер және өзге де қажеттi ақпарат дайындайды;
      5) мемлекеттiк қызметшiлердi оқытуды, қайта даярлауды (қайта мамандандыруды) және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      6) заңдарда белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағда 

 

      7-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiн саралау

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси және әкiмшiлiк лауазымдары кіредi.
      2. Саяси лауазымдарға: 
      1) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары; (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз U020828)
      2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары;
      2-1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментін (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратын) басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары;
      3) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болып табылатын мемлекеттiк саяси қызметшiлер;
      4) орталық атқарушы органдарды басқаратын мемлекеттiк саяси қызметшiлер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз U990317
        Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.
      3. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары 
белгіленеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттар бойынша тізілімін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      4. Мемлекеттiк саяси қызметшілер үшiн лауазым санаттары белгiленбейдi.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393, 2007.07.27 N 315, 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      

      8-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары

      Мемлекеттiк қызметшiнiң: 
      1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
      2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
      3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
      4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
      5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
      6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
      7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
      8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
      9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
      10) бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
      11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге; (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз U990321)
      12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
      13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
      14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
      15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
      16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз V001202)

      

      9-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер:
      1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
      2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге;
      3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
      4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
      5) мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға;
      6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;
      7) заңдарда белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға;
      8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
      9) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де  құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;
      10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
      11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;
      12) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      12-1) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
      13) қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға мiндеттi.
      2. Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлердiң осы Заңда белгiленген негiзгi мiндеттерiнен туындайтын нақты мiндеттерi бiлiктiлiк талаптар негiзiнде айқындалады және қызметтiк нұсқаулықтарда көрсетiледi.
      Қызметтік нұсқаулықтарды мемлекеттiк органның басшысы бекiтедi, ол осы өкiлеттiктердi жауапты хатшыға, мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларына беруге құқылы.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2011.07.05 N 452-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін) Заңдарымен. Заңдарымен.

      

       10-бап. Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер

      1. Мемлекеттiк қызметшiнiң:
      1) өкiлдi органдардың депутаты болуға;
      2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;
      3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, егер "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;
      4) үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға;
      5) өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;
      6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;
      7) лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.
      2. Мемлекеттік қызметші қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы өзінің меншігіндегі үлесті (акциялар пакеттерін) және пайдаланылуы табыс табуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызмет өткеру уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адамға заңды түрде тиесілі ақша, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға жатады. Мемлекеттiк қызметшi мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының нотариат куәландырған көшiрмесiн нотариат куәландырған күнiнен бастап он күн мерзiмде жұмыс орны бойынша кадр қызметiне бередi. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілердің өздеріне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімді басқаруға бермеуіне болады.
      Мемлекеттік қызметшінің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер тұрғын үйлерін мүліктік жалдауға беруге құқылы.
      3. Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жақын туыстары ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.
      3-1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жақын туыстары мен жекжаттарына (жұбайлардың аға-iнiлерiне, апа-сiңлiлерiне, ата-аналары мен балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен шектеулер көзделуi мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк қызметке:
      1) белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;
      2) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған;
      3) бiлiктiлiк талаптарында тиiстi қызметтердi атқару үшiн денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгiленген реттерде медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктi орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар;
      4) өзiнiң мәртебесiн және соған негізделген беделiн жеке басылық, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзiне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;
      5) жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жазаны қоспағанда, мемлекеттiк қызметке кiрер алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған;
      6) мемлекеттiк қызметке кiрер алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
      6-1) мемлекеттiк қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
      6-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
      6-3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;
      7) мемлекеттiк қызметке кiру уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау нысанасына арнайы тексеруден өтпеген адамдарды қабылдауға болмайды.
      5. Алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.09.25 N 484, 2005.07.08 N 75 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.21 N 3082009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.08 N 226-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  

 

3-тарау. Мемлекеттік қызметке кіру

 

      11-бап. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру

      Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады. 
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.

 

      12-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру құқығы

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар. 
      Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын  біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. 
      Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшіге әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде немесе оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған жағдайда, ауыстыру тәртiбiмен мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке орналасуына жол берiлмейдi.
      3. Өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, өз өкiлеттiгiн кемiнде алты ай орындаған және қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
      4. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде жынысына, нәсiлiне, қай ұлтқа жататынына, тiлiне, әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берiлмейдi.
      5. Осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық iрiктеуден өтпеген азаматтарды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке қабылдаған лауазымды адам осы Заңның 28-бабында белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады. 
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393, 2005.07.08 N 75 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

      13-бап. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде қойылатын 
               талаптар

      1. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға:
      1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;
      2) егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға;
      3) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.
      2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiрген кезде салық қызметi органдарына өзi алған табысы мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
      3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
      5. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді. 
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.

 

      14-бап. Мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымға орналасуға 
             арналған конкурс

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi.
      2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткiзудiң шарттары мен тәртiбiн, оның iшiнде конкурстық комиссия құру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi
      3. Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша уәкілетті орган конкурс өткізу туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жарияланғаннан кейін өткізеді. 
      Конкурс орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволарда өткізілген кезде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. 
      3-1. Егер конкурс белгілі бір жұмыс мерзімімен бос тұрған орынға өткізілетін болса, онда жасалғалы отырған еңбек шартының жағдайы конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс. 
      4. Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысуға құқығы бар. 
      5. Алынып тасталды - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен. 
      6. Конкурстық комиссияның шешiмi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға не мұндай лауазымға кiруге бас тартылуға негiз болып табылады. 
      7. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымға орналасуға құқығы бар. 
      8. Тағайындауға құқығы бар адам жарияланған лауазымға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушыны қабылдауға мiндеттi. Бұл орайда мемлекеттiк қызметке кiру үшiн заңдарда көзделген талаптар сақталуға тиiс. 
      9. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бiрақ ол мемлекеттiк қызмет үшiн ұсынған конкурсқа қатысушылар уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi құратын кадрлар резервiне тiркелуi мүмкiн. 
      10. Кадрлар резервiне тiркелген конкурсқа қатысушылар оларды тiркеу күнiнен бастап бiр жыл iшiнде қосымша конкурстан өтпестен тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналаса алады. 
      11. Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады. 
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.06.04 N 204, 2003.03.11 N 393, 2005.07.08 N 75 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.