-A A +A

ХАБАРЛАНДЫРУ

Бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеу бойынша өткізілетін әңгімелесуге жіберліген кандидаттардың тізімі

Список кандидатов, допущенных к собеседованию на занятие вакантных административных государственных должностей.

1)         Сатыбалдиев Азамат Балгазыулы

2)         Султанов Нурсултан Искандарович

3)         Манапова ГульзираСавутовна

4)         Тойкараева Айгуль Асылбековна

5)         Жетписбаев Еркебулан Сериккалиевич

6)         МұхтарУлданТұрапқызы

7)         Бейсенова Жанар Адилбековна

8)         Алаханов Садык Усенович

9)         Картамысов Арман Омирханович

10)       Исабек Ғалымжан Бахытжанұлы.

11)    Токмулдинов Рустем Канатович

12)       Кәкімжанов Әділет Мартпекұлы

13)       Серикбаева Айгерим Ерсынкызы

14)       Нүсүпәлі Әлия Байдаулетқызы

15)       Нұри Елнұр Абикенұлы

16)       Каринбаев Олжас Болатович

17)       Юсупов Жолдас Абдымуталипович

18)       Кырғызбаева Ақбота Өтешқызы

19)       БердибековКанышКажымуратулы

20) ИргебековаФаризаБолатқызы

21) Сейтмұстафа Берік

 

Алматы қаласы Әділет департаменті қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, E-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарды немесе немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

С-О-5

83 282

112 431

Алматы қаласы Әділет департаменті, 050010, Алматы қаласы, Зенков көшесі, 47, анықтама үшін телефондар: 8 (727) 330-80-02, 8 (727) 291-80-23 e-mail: a.burakhanova@adilet.gov.kz, департамент қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне, 16.10.2019 жылға дейін, (C-O-5 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: Нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасы қолданысындағы заңнамасына сәйкестігіне құқықтық сараптама және талдау жүргізу, нақты нормативтік құқықтық актіні тіркеу мүмкіндігі немесе одан бас тарту бойынша дәлел қорытындылар дайынау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары  құқық саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитакалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қазақстан Республикасының  заңнамасын білуін тексеру мақсатындағы тестілеу бағдарламасына сәйкес, нормативтік-құқықтық актілерді, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының аталған бағыттағы нақты лауазымының тиісті мамандану саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік тілді білу қажет. Аталған санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімі болуы қажет. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

            Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай тапсырылуы тиіс.

Кандидаттармен әңгімелесу әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Алматы қ., 28.04.2016 ж.

 

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Алматы қаласы Әділет департаменті, 050010, Алматы қаласы, Зенков көшесі, 47, анықтама үшін телефондар: 8(727)330-80-02, 8(727)291-80-23 e-mail:a.burakhanova@adilet.gov.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Санат 

Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбек ақы (теңге)

Бастап

Дейін

C-O-6

74 955

101 605

С-R-5

64 960

88 280

 

1. Қаржы және материалдық-техникалық  қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы (С-O-6 санаты, 2 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Заңмен белгіленген тәртіпте еңбекақыны есептеу бойынша жұмыстарды жүргізу, алғашқы құжатты өңдеу, қызметкердің есепті-биографиялық мәліметтерін компьютерге енгізу, қызметкерлерге еңбекақыны есептеу және басқа да төлемдер бойынша анықтамалар беру, Зейнетақы қорына түетін шарттардағы мәліметтердің нақтылығын, дұрыс рәсімделуін тексеру және Зейнетақы қорымен байланысты қамтамыз ету, статистика, салық және зейнетақы қор органдарына қажетті есептерді құру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: 

Білімі: Құқық, гуманитарлық, әлеуметтік ғылым немесе экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

Кәсіби біліктілігі: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қазақстан Республикасының  заңнамасын білуін тексеру мақсатындағы тестілеу бағдарламасына сәйкес, нормативтік-құқықтық актілерді, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының аталған бағыттағы нақты лауазымының тиісті мамандану саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік тілді білу қажет. Аталған санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімі болуы қажет.

2. Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің жетекші маманы (C-O-6 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметін жедел басқару, үйлестіру және ұйымдастыруды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің бақылау тапсырмаларын, Департаменттің және бөлімнің жоспарларын орындау, лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өз өкілеттілігін атқару, қызметінде зияткерлік меншік құқықтарын қолданатын шаруашылық субъектілерін тексеру, құқық қорғау және қазыналық органдары топтарымен құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша әрекеттесу, зияткерлік меншік саласы бойынша ақпараттар жинау, зияткерлік меншік құқықтары саласы бойынша заңдылықты түсіндіру іс шараларын ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: 

Білімі: Құқық саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

Кәсіби біліктілігі: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қазақстан Республикасының  заңнамасын білуін тексеру мақсатындағы тестілеу бағдарламасына сәйкес, нормативтік-құқықтық актілерді, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының аталған бағыттағы нақты лауазымының тиісті мамандану саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік тілді білу қажет. Аталған санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімі болуы қажет. 

3. Ауыртпалықтарды тіркеу және мұрағаттау бөлімінің жетекші маманы, (С-О-6 санаты, 2 бірлік) 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне, 01.10.2018 жылға дейін.

Функционалдық міндеттер: Тіркеу материалдарымен танысу, жылжымайтын мүлікке құқықтарын және олармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыру, мұрағат істерін көтеру, жылжымайтын мүлікке кепілдерді тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу бойынша басқа да материалдарды дайындау, аналитикалық жұмысты жүргізу, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің бақылау тапсырмаларын орындау, тіркеу материалдарын тексеру және оның заңнамаға сәйкестігіне виза қою, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қарастыру, материалдарды мұрағатқа тапсыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Құқық саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

Кәсіби біліктілігі: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қазақстан Республикасының  заңнамасын білуін тексеру мақсатындағы тестілеу бағдарламасына сәйкес, нормативтік-құқықтық актілерді, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының аталған бағыттағы нақты лауазымының тиісті мамандану саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік тілді білу қажет. Аталған санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімі болуы қажет.

4. Наурызбай  ауданы Әділет басқармасының жетекші маманы,(С-R-5 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: Құрылтай құжаттармен танысу, заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу бойынша бұйрықтар мен басқа да материалдарды дайындау, қолданыстағы заңдылыққа сәйкес, әкімшілік материалдар бойынша бұзушылықтарды анықтау, жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарастыру, іс қағаздарын жүргізу, заңды тұлғалар туралы мәліметтерді электронды деректер жинақтамасына енгізу, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің тіркеу қызметінің комитетіне тіркелген, қайта тіркелген, таратылған заңды тұлғалар туралы ақпаратты ұсыну, модемдік байланыс бойынша жұмыс жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Құқық саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

Кәсіби біліктілігі: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қазақстан Республикасының  заңнамасын білуін тексеру мақсатындағы тестілеу бағдарламасына сәйкес, нормативтік-құқықтық актілерді, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының аталған бағыттағы нақты лауазымының тиісті мамандану саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік тілді білу қажет. Аталған санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімі болуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуҚағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Жоғарыдағы 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, департаментке тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

            Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердітестілеуден өткізу бағдарламалары:

B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

Тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.
            Тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
            Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өткізу бағдарламалары:

B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде департаментте өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Басшының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде департаментқызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімідепартаменттіңwww.almaty.adilet.gov.kz, интернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kzсайтында жарияланған.

          Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігіне немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

28.04.16 ж.